Балаларға арналған қаржы сауаттылығы кітабы. Ұлттық валюта күніне орай «Банк ЦентрКредит» осындай тарту жасады. Бұл туынды 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге қаржы сауаттылығын үйретеді. «Байлық формуласы» қандай? Кітапта тағы не қамтылған?
Бүгінде балалар ақшамен біз ойлағаннан әлдеқайда ерте бетпе-бет келеді. Мобильді қосымша арқылы сауда жасайды, сыйлық алады, алғашқы тиын-тебенін жинайды. Сондықтан «Байлық формуласы» оларға ақшаның айналымы мен оны басқарудың қыр-сырын қарапайым әрі ұғынықты түрде түсіндіретін еңбек. Осынау туындының жарыққа шығуына «Банк ЦентрКредит» демеушілік жасап отыр.
Гүлжихан Хамитова, «Банк ЦентрКредит» АҚ Астана қалалық филиалы директорының орынбасары:
– Осы туындыны БЦК Ұлттық валюта күніне орай қолдап келіп отыр. Кейбір адамдар қаржы сауаттылығын жақсы реттей алса, кейбір адамдар реттей алмайды. Мұны күнделікті өмірде көріп жүрміз. Сондықтан қаржы сауаттылығы әр адамның кішкентай кезінен басталуы керек.
«Байлық» форумаласында қаржы сауаттылығы ғана қамтылмаған. Онда алаяқтармен күрес, ата-аналарға бағыт, қайырымдылық сынды тақырыптар да қалыс қалмаған. Автордың айтуынша, ол бұл еңбекті жазуға 6 жылын арнаған.
Лаура Байжарасова, қаржыгер:
– Бұл өзімнің көзіммен көріп, қолыммен ұстаған тақырып. Өйткені мен Бас Прокуратурамен жұмыс істедім, дроперлердің қаржылық схемаларын көп көрдім. Осының алдын алу мақсатында жасөспірімдерді қаржылық сауаттылыққа үйрету мақсатында жазылып шыққан кітап.
«Банк ЦентрКредит» қаржы сауаттылығын арттыратын жобаларға әрқашан қолдау білдіріп, бұл бағыттағы пайдалы материалдарды өз ресурстарында тұрақты жариялап келеді.
Қаржы институты өкілдерінің айтуынша, банк қазақ тіліндегі халықтың қаржылай сауатты болуына септігін тигізетін бастамаларды қолдауға әзір. Ал «Байлық формуласы» кітабы осы игі істің жас оқырмандарға арналған жалғасы болмақ.
Құралай Жұмахан, Азамат Сәметов, Құдайберген Аймырза