Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XIV конгресі өтті

  • 3
  • 13.11.2026, 18:30

Ұлттық Банк 2028 жылға қарай инфляцияны 5 процентке дейін төмендетуді жоспарлап отыр. Қазір 9 проценттен сәл асады.

Биыл ұлттық валютамыз – теңгенің айналымға енгізілгеніне 33 жыл. Осы кезеңде еліміздің қаржы жүйесі түрлі кезеңді басынан өткеріп, түбегейлі өзгерді. Кеңестік жүйеден нарықтық экономикаға көшу оңай болған жоқ. Десе де, ұлттық валюта айналымға еніп, қаржы жүйесі құрылды. Түрлі кезеңдегі дағдарыс пен қиындыққа қарамастан қазіргі ұстанып отырған макроэкономикалық саясат дұрыстығын көрсетті. «Ел экономикасын тұрақты етуге мүмкіндік беріп отыр», – дейді қаржыгерлер.

Рүстем Оразалин, ҚР Ұлттық банк Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры:

– Жаңа технологиялар келіп жатыр. Көптеген өзгерістер бар, соның барлығын қаржы технологиясында, ұлттық валютамызда сіңіре отырып, байыппен ақырындап жүргізу керек. Міндетіміз инфляцияны ауыздықтау, экономикамыздың орнықты дамуына инвестиция тартуға, қаржыны жұмылдыруға бар күш жұмсалып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында ол туралы да айтып өтті. Бұл біздің басымды бағыттарымыз.