Петропавлда 196 адам тұмау дертін жұқтырған
Бірақ нәтиже шамалы. Осыған дейін 200-ге жуық адам тұмау жұқтырып, тағы 20 мыңға тарта тұрғын жедел респираторлы вирустық инфекцияға шалдыққан. Сырқаттанғандардың басым бөлігі – 14 жасқа толмаған балалар. Ақ халаттылардың айтуынша, бұл дертке шалдыққандардың қатары соңғы аптада тым артқан.
Айнаш Сағандықова, Тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:
- Эпидемиологиялық маусым басталғанан бері осы СҚО-да тұмаудың 196 жағдайы тіркеліп отыр. А типті – 95 жағдай, Б типті – 101 жағдай тіркелді. Өткен жұмадағы көрсеткішпен салыстыратын болсақ 7% артқаны байқалып отыр. Оны негізі ауа райының күрт өзгеруімен байланыстырамыз.