Ерлан Тұрғымбаев: Тасқын кезінде 609 елді мекен су астында қалуы мүмкін
Тағы бұл жайында Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. Жағдай елордада және Солтүстік Қазақстан мен еліміздің шығысында ауыр. Министрдің айтуынша, көктемгі тасқын кезеңіне Үкімет резервінде 34 млрд теңге қарастырылған. Дегенмен республика бойынша 463 гидротехникалық құрылысты жөндеу қажет. Оның үстіне кей өңір қауырт кезеңге дайындықтарын сылбыр жүргізіп жатыр.
Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:
- Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының жергілікті атқарушы органдары 2 жыл бойынша жоспарланған іс-шараларды орындамай келеді. ШҚО-да 2019 жыл мен осы жылға қаражат бөлінбеген. Павлодар облысын өткен жылы қаржыландыру мүлдем қамтамасыз етілмеген. Ал СҚО бойынша тек 37% қаржы жұмсалған. Сондықтан су тасқынына толық дайынбыз деп айтуға әлі ерте.