Қарағандыдағы бірыңғай байланыс орталығына 9 мың өтініш түскен
Ашылғанына аз ғана болған бұл орталыққа ұялы және қалалық телефоннан 109 нөмері бойынша қоңырау шалуға болады. Жаңа жүйеге 60-тан астам мемлекеттік мекеме қосылған.
Мақпал Аманжолова, орталық директорының орынбасары:
- Бұл – өтініштерді қабылдау жолдарын ыңғайлы ету және автоматтандыру үшін ашылған орталық. Яғни адамдар мемлекеттік органдарға барып жүрмей, өтініштерін қағаз жүзінде жазбай-ақ, бәрі біздің жүйеде автоматты түрде сақтандырылады. Анықтамалық сұрақтар келіп түссе, оған операторлар тез жауап бере алады. Ал егер келіп түскен өтінішті қарастыру керек болса, ол мемлекеттік органға жіберіледі.