Риддер қаласында экологиялық талапқа сай қоқыс өңдеу зауыты салынды
Сондықтан қатты қалдықты өңдеу зауыты салынды. Бұл – ШҚО-да жаңа технология бойынша барлық экологиялық талапқа сай бой көтерген алғашқы кәсіпорын. Зауыттың тәулігіне 70 тоннаға дейін тұрмыстық қалдықты өңдейтін техникалық қауқары бар. Жалпы құны 300 млн теңге болатын өндірістік кешенді жергілікті кәсіпкер өз қаржысына салған. Енді кәсіпорын толық іске қосылған соң қоқыстан мазут пен көмірдің жеңіл түрі өндірілмек. Осылайша кәсіпкер зауытты салуға жұмсаған қаржысын сол өнімдерді сату арқылы қайтарып алуды жоспарлап отыр.
Максим Щелкунов, қоқыс өңдеу зауытының цех бастығы:
- Бұл аумақта жаңадан полигон ашуға мүмкіндік жоқ. Барлық жерде өзен, бұлақ көзі бар. Ал қазіргі полигондағы бар қоқысты өңдейтін болсақ, экологиялық және экономикалық тұрғыда тиімді. Нәтижесінде екінші бір өнім жасауға мүмкіндік туады.