Хабар телеарнасы

ШҚО-да шомылу маусымы басталғалы бері 3 адам ажал құшты

Күні кеше Буревестник саяжайы маңында 37 жастағы әйел суға батып, көз жұмды. Сонымен қатар бір аптадан бері Ертіс жағасында жоғалып кеткен 7 жастағы бала іздестіріліп жатыр.

Құтқарушылар шомылуға тыйым салынған жерлерді күнде аралап, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жиілеткен. Әрі өзен жағалаулары жерден де, көктен де бақылауға алынып, дрон аппараттары іске қосылды. Мамандар жаз басталғалы суға батып кете жаздаған 18 адамды құтқарып қалған. Ескертуді елемегендерге айыппұл салынып жатыр.

Ерік Тұрсынғалиев, облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері:

- Бүгінгі күнге дейін әкімшілік құқықбұзушылық фактісі осындай жерлерге суға түсу 364 бапқа сәйкес бізде қазір осы бойынша 60-қа таман адам қауіпсіздік ережелерін бұзу арқылы әкімшілік жауапқа тартылды. Олар әкімшілік жауапқа тартыла отырып, балаларына да, әке-шешелеріне де қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырмыз.