Хабар телеарнасы

АӘК алушыларға кепілдендірілген пакет үлестірілуде

АӘК алған тұрғындар биылдан бастап азық-түлік пен гигиеналық заттарды тегін алады. Азық-түлік жиынтығында балаға қажеттінің бәрі қамтылған. Дәруменге толы сүт, күлше мен тәттілер, жармалардың түр-түрі, тіпті балға дейін бар. Бүгінде кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің шарапатын қаладағы 1 мен 6 жас аралығындағы 15 949 бала көріп отыр. «Мұқтаж отбасыларға тиесілі азық-түліктерді емін-еркін кезек күтпей алуы үшін барлық жағдай жасалып отыр», – дейді салаға жауаптылар.

Мейрамгүл Шалғынбаева, көпбалалы ана:

- 4 балам бар, оның 3-еуі балабақшаға барады. Ал біреуі мектепке барады. Ол тегін ыстық тамақ ішеді. Міне азық-түлік алып жатырмыз. Үкіметке рахмет!

Ғалымжан Балтаев, қалалық Жұмыспен қамту және ӘБ басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда қаңтар айына тағайындалған отбасыларға біз кепілдендірілген пакеттерді тарқатып жатырмыз. Ал наурыз айындағы әлеуметтік пакетті және гигиеналық құралдарын сәуір айында таратуды жоспарлап отырмыз.