Шекарадан жүк көліктерінің өтуіне тыйым салынды
Тасымалдаудың барлығы теміржол арқылы жүзеге асады. «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығына қазір қауіпсіздікті арттыруға арналған жаңа жабдықтар қойылып жатыр. Ал тұрақтандыру қорын қажетті азық-түлікпен толтыру мақсатында облыс бюджетінен қосымша 500 млн теңге бөлінді. Әзірге облыстың тұрақтандыру қорындағы азық-түлік 3-4 айға жетеді.
Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы:
- Қазақстандық алысқа қатынайтын жүргізушілердің қайтуына мүмкіндік беріледі. Тұрғындарға айтарымыз: алаңдауға еш негіз жоқ. Азық-түлік дүкендері бұрынғы қалпында жұмыс істей беретін болады. Базарға барып, бүкіл азық-түлікті алып, қамданып отыратын мәселе емес. Азық-түлік дүкендерге күнделікті жеткізіліп отыратын болады.