Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздік күшейтілді
Сондай-ақ спорттық, бұқаралық, отбасылық және еске алу шараларын өткізу уақыты кейінге шегерілді. Оны қадағалау полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Тек базарлар мен азық-түлік дүкендері және дәріханалар өз жұмысын жалғастыра береді. 21 бағыт бойынша жүретін 270 автобус жұмыс уақытынан кейін толық залалсыздандырылады.
Рашид Аюпов, қала әкімі:
- Кешкі кезде толық рейдтік жұмыстар атқарылатын болады. Егер жұмысын жасырын түрде жасайтындар болса, олар үлкен жауапкершілікке тартылады. Осындай жағдайда басқа адамға зиян тиетін болса, қылмыстық жауапқа тартылатын болады. ҚР Төтенше жағдайлар туралы заңында оның барлығы көрсетілген. Яғни төтенше жағдай жарияланған кезде аталған жұмыстардың барлығы тоқтауы керек.