Атыраудағы қала базарларында бақылау күшейтілді
Өткен 2 күнде тұрғындар күнделікті тұтынатын тағамдарды көптеп алған. Қалыптасқан жағдайға орай жергілікті билік барлық тауар жеткізушілер мен ірі сауда орталықтары басшыларымен келісім жасасты. Олар бірлесіп, азық-түлік бағасын өсірмеу шарасымен айналысып жатыр.
Гүлзейнеп Дүсіпова, қалалық Мәслихат депутаты:
- «Насиха» базарында кезек жоқ. Баға да тұрақты. Ал «Сарайшық» базарында алушы көп екен. Біз күнделікті тұтынатын тағам түрлеріне мониторинг жүргізіп, бақылап отырмыз. Баға көтерілсе, шара қолданамыз.