Семейдегі бөбекжайларға ата-аналардың кіруіне қатаң тыйым салынды
Мамандар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында зарарсыздандыру жұмыстарын күшейтті. Бүгінде Трамвай басқармасы дезинфекциялық өнімдер қорын дайындап, кондукторлар мен жүргізушілерге таратып жатыр. Сонымен қатар мамандар бірреттік медициналық маскалар және өзге де керек-жарақтармен қамтамасыз етілді.
Светлана Захарова, Павлодар облыстық Трамвай басқармасы қозғалыс қызметінің бастығы:
- Трамвай басқармасы негізгі тасымалдаушы ретінде жұмысын қысқартпайды. Барлығымыз штатты режимде жұмыс істейміз. Жолаушылар тасымалын қысқарта алмаймыз, себебі өндіріс ошақтарының мамандары трамвайлармен қатынайды. Қазіргі уақытта күнбе-күн 80-нен астам трамвай желіге шығады.