Семейде ұзын сонар кептеліс пайда болды
Семейде нөсерден соң көшелерде ұзын сонар кептеліс пайда болды. Мамандардың айтуынша, бір сағат жауған жауын бір айлық мөлшерден асып кеткен. Көпқабатты тұрғын үйлердің суағарлары істен шығып, баспаналарды су алды. Мұндай жағдай өңірде соңғы 9 жылда болмаған. Коммуналдық қызмет мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Олар бір түнде 8 мың текше метр су сорған.
Нұрқасым Берімсеков, мердігер ұйым өкілі:
-Су толып кетіп, үлгермей, трубаларымыз жұлып алған ғой. Соны келіп көрдік. Енді барлығын жөніне келтіреміз. Бұл тез жасалатын нәрсе мен қазір прорабқа тапсырма беремін, ол жұмысшыларын жібереді.
Әділбек Увасилов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
-3-4 сағаттың ішінде басты магистральды көшелер судан тазарды. Қазір мердігерге ұйым тарапынан 20 машина жұмылдырылған. Орталық көшелерді ғана емес, сырт жақ көшелерді сору жүргізілуде.
Ал төтенше жағдай жарияланған Жаңатаста жаңбыр суы теміржол қатынасына кедергі келтірді. «Шарбақты –Жаңатас» бағытындағы шойын жолды су шайып кеткен еді. Көлбеу ағын кесірінен жолдың 25 метрдей бөлігі бүлінген. Жүк пойызына арналған теміржол қалыпқа келтіріліп жатыр.