Қазақстанда бірнеше елмен санитарлық тәртіп күшейтілді
Ал Қытай не Корея сияқты мемлекеттерден оралғандар үйде оқшаулануы керек. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа талаптар, шетелдерде жүрген, жерлестерімізге ғана қатысты. Ал, басқа ел азаматтарының Қазақстанға келуіне тыйым салынған. Айта кетейік, дәл қазір шетелдерде саяхаттап жүрген 4 мыңнан аса қазақстандық азамат бар.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Сонымен қатар, екінші категория бойынша Филиппин, Катар, Үндістан, БАӘ, Ұлыбритания, Әзербайжан, Тайланд және АҚШ-тан біздің елге оралған азаматтар медициналық мониторингке алынады. Бұған қоса еліміздегі медициналық ұйымдарда, интернаттарда карантин басталады.