Ақтаудағы мемлекеттік университет қашықтықтан оқытуға көшті
Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде 8 мыңға жуық студент оқиды. Министрліктің бұйрығына сәйкес жоғары оқу орнында білім алушылардың барлығы бірдей онлайн режимге көшірілді. Айта кетейік, бұған дейін 1-курс студенттері үшін тәжірибе түрінде өткен онлайн лекциялар өзінің тиімділігін байқатқан.
Берік Ахметов, университет ректоры:
- Студент пен оқытушының арасындағы қарым-қатынасы ішкі кампустағы сияқты болуы үшін Google Hangouts Meet деген платформаға көштік. Біздің университет Google платформасына 2017 жылдан бастап өткен соң, осы платформа біз үшін ыңғайлы болды. Қазіргі жағдайда 350-ге жуық оқытушы, профессорлардың барлығы тікелей онлайн режимде қашықтықтан оқытуды жүргізіп жатыр.