Алматы қаласының барлық кіреберісіне және 10 магистральға 27 блок бекет қойылады
Дене қызуы жоғары адамдар келген жерлеріне кері қайтарылады. Олар туралы мәліметтер тиісті мекемелерге беріледі. Департаментте сall-орталық құрылып, азаматтардың барлық сұрақтарына жауап береді. Полиция коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғаларды да іздестіріп жатыр. Қазіргі таңда осындай 798 адам медициналық мекемелерге жеткізілген.
Қанат Таймерденов, Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы:
- Басты мақсат – қаланың сыртқы аумағын бақылап, қаланың ішіндегі карантин режимін қатаң қадағалау арқылы инфекцияның таралуын тоқтату.