Алматылық белсенді жастар бетперде таратып жатыр
Қаланың тазалығына жауапты жұмысшылар мен қоғамдық көлік жүргізушілері бірнеше рет қолдануға болатын маскамен қамтылады. «Белсенді жастар коронавируспен күресуге аз болса да үлесімізді қосқымыз келеді», – дейді. Енді жастар Волонтер жылы аясында өзгелерді де осы бастамаға қосылуға шақырады.
Бибінұр Байжігітқызы, Алматы қаласы «Zhas Otan» Жастар қанатының белсендісі:
- Шыт матадан жасалған масканы күніне 3 сағат тағуға болады. Оны жуып, қайта пайдалануға мүмкіндік бар. Қазіргі таңда 100 данасын дайындап, тігіп біттік. Бүгін таратамыз. Егер мүмкіндік болып жатса, акцияны әрі қарай жалғастырамыз деп ойлап отырмыз.