Алматы қаласында коронавирус жұқтырған тағы 1 науқас тіркелді
Қазіргі дерекке сай Алматыда 19, елордада 18 адам дертке шалдыққан. Жария болған ақпарға сүйенсек, 1 536 науқас ауруханада емделіп жатыр. 1 094 адам үй жағдайында карантинде.
Диас Ахметшәріп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:
- Коронавирус індетін жұқтырған тағы бір азамат Алматы қаласы бойынша тіркелді. Ол – 1979 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы. Алматы қаласына 15 наурыз күні Ресей – Алматы рейсімен ұшып келген болатын. Қазір стационарда карантинде жатыр. Денсаулығы жақсы. Осы сағатта Алматы бойынша 19 науқас, Нұр-Сұлтан бойынша 18, барлығы 37 адам тіркеліп отыр.