Павлодар қаласындағы шағын аудан су астында қалуы мүмкін
Бұл – жыл сайын қайталанатын жағдай. Күн күрт жылынса, жерасты суларының көтерілуі халықты әбігерге салады. Жергілікті билік тиісті шараларды қолға алғанымен, баяғы жартас сол жартас. Тұрғындардың айтуынша, бүгінде үйлердің жертөлелері суға толып жатыр.
Ақмарал Есімханова, тілші:
- Екінші шағын ауданындағы Алтай көшесінде тұрмыз. Бұған дейін жергілікті билік мәселені шешу үшін осы қазаншұңқырды салған еді. Өздеріңіз көріп тұрғандай, нысан суға толып тұр.
Десе де бұл мәселені түбегейлі шешуге сеп болған жоқ. Гидрогеологтардың айтуынша, шағын ауданға кәріз жүйесі қажет. Бүгінде бұл инфрақұрылым салынып жатыр. «Мердігерлердің құрылыс жұмыстары осы айдың соңында аяқталады», – деп уәде етуде. Орталықтандырылған кәріз жүйесі осы ауданның 15 көшесін қамтиды. Ұзындығы 8 мың метрден асады. Құрылысшылардың айтуынша, қазу кезінде қиындықтар көп. Себебі 5 метрлік тереңдікке жететін жүйені жерасты сулары баса береді.
Бірнеше жыл бұрын жерасты суларының көтерілуі 250 үйдің ауласында анықталған. Тұрғындардың айтуынша, бүгінде 19 көшенің 3000-ға жуық баспанасы осындай күйде.
Ақмарал Есімханова, тілші:
- Тұрғындардың бас ауруына айналған мәселе бүгінде Павлодар қалалық прокуратурасының да жіті бақылауында. Тиісті тексерістрер де жүргізілген.
Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын жерасты суларының көтерілуі 250 үйдің ауласында анықталған. Тұрғындардың айтуынша, бүгінде 19 көшенің 3 мыңға жуық баспанасы осындай күйде. Қазіргі таңда шағын ауданда 12 дренаж ұңғымасы бар. Тиісті жұмыс атқарылғанымен, мәселе 4 жыл бойы шешілмей келеді.