Түркістандағы базарларда азық-түлік бағасы қымбаттады
Осыған орай Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы базардағы бағаға ашық мониторинг жасады. Кәсіпкерлік нысандары төтенше жағдай кезінде бағаны негізсіз көтерген жағдайда жауапкершілікке тартылатынын жеткізді. Азық-түлік бағасы өңір басшылығының да жіті назарында. Қазір облыстағы тұрақтандыру қорында алдағы жазға дейін жететін азық бар. Қор қаладағы 14 әлеуметтік дүкенді арзан өніммен қамтып отыр.
Бейсен Тәжібаев, Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
- Ең қажетті тауарлардың нақты бір бағасы болады, сол шектен асырмау керек. Баға саясаты күнделікті базар әкімшілігіне жолданатын болады. Сондай-ақ сақтандыру қоймаларында 30 мың тонна түрлі қажетті тауар жинақталған. Қажеттілік туындаған жағдайда керекті тауарды жеткізу мәселесі де қарастырылады.
Қанат Сыдықов, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:
- Алдын ала негізсіз баға өсетін болса, олардың сатылуына, қызметіне шектеу қойылады.