Коронавирустан көз жұмған 1956 жылғы әйел Қосшы ауылында тұрған
1956 жылы туған әйел елорда іргесіндегі Қосшы ауылында тұрған. Ол адамда аурудың белгілері алғаш рет қашан анықталған?
Дамир Берікұлы, тілші:
- Ол өзін 22 наурыз күні жайсыз сезінген. Бірақ дәрігерлердің айтуынша, ол күні ешқандай коронавирустың белгілері анықталмаған. Тек қан қысымы жоғары болған, қант диабеті байқалған, осының барлығы қосылып әлсіздік пайда болған. Тұмаудың дәрі-дәрмегін жазып берген, бірақ ауруханаға алып кетпеген. Одан кейін 25-і күні әйел адам дене қызуының 38 градусқа дейін жеткенін байқайды. Жедел жәрдем шақырады. Сол күні оны елордадағы көпбейінді облыстық ауруханаға жеткізеді. Алайда 25-і таңертең ауруханаға жеткізілген әйел 26-сы күні таңғы уақытта өмірден озады. Дәрігерлердің қойып отырған диагнозы – коронавирус. Енді қазір ол кісімен қарым-қатынаста болған кісілер іздестірілуде. Қазірдің өзінде 11 адам табылыпты. Ал отбасы мүшелері карантинге жатқызылады.