Алматыда тағы бір науқас емделіп шықты
Инфекциялық стационарларда Алматы облысынан 1 пациентті ескере отырып, КВИ-мен 80 адам жатыр, оның ішінде 1 бала бар.
68 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жағдайы ауыр. Ал 10 ересек адамның жайы орташа ауырлық деңгейінде (1 облыстық).
Емдеуге жатқызылғандардың ішінде екі науқас – бұған дейін анықталған пациенттермен байланыста болған адамдар.
Барлық байланысқан адамдар оқшаулауға орналастырылған.
Тағы бір пациент COVID-19-дан сауығып, ауруханадан шықты.
Жалпы қазіргі уақытта коронавирустық инфекция расталып, ауруханадан сауығып шыққандар саны 11 адамды құрайды.
Провизорлық орталықтарда барлығы 619 адам бар, оның ішінде 81-і – бала.
Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның ішінде 50-і – бала.
Ал үй карантинінде 3853 азамат бар.