Вирустар азық-түлік қаптамаларында бірнеше күн өмір сүруі мүмкін
Басылым вирустың әртүрлі қаптамада қанша уақыт өмір сүретіні туралы мысал келтіреді.
Пластик: коронавирус мұндай қаптамада 72 сағатқа дейін сақталуы мүмкін.
Қағаз, картон: мұндай қораптарда коронавирус 24 сағатқа дейін өмір сүреді.
Мұздатылған өнімдер: коронавирус суықтан өлмейді, сондықтан вирус түскен тоңазытқыштағы өнімдер ұзақ уақытқа дейін қауіпті болуы мүмкін.
Көкөністер мен жемістер: зерттеулерге сәйкес, вирус көкөністер мен жемістердің сыртқы қабығында бірнеше сағат сақталады.
Дәрігер үйге келген соң дүкеннен әкелінген азық-түлік қораптарын тазартуға кеңес берді. «Иммунитеті төмен адамдар тауарлардың қаптамалары арқылы вирусты жұқтыруы мүмкін», - дейді Хуггетт. Сонымен бірге сарапшы қаптамаларды қалай залалсыздандыру керек екені туралы кеңес берді.
Қағаз қаптамалар: сатып алғаннан кейін тағамның қаптамасын алып тастау мүмкін болмаса, оны таза ауа мен күн сәулесі түсетін жерге, мысалы балконға қоя тұру керек.
Пластик қаптама: оны алып қоқысқа тастау керек немесе дезинфекциялық затпен мұқият жуған жөн.
Қаптамасыз өнімдер: оларды жуу керек, негізінен қабығын алып тастаған дұрыс.