Қытай ғалымдары коронавирус инфекциясының қандай арақашықтықта тарайтынын анықтады.
Баяндама бойынша коронавирус ауада 4 метр арақашықтықта орнын ауыстыруы мүмкін. Бірақ ғалымдар «Індеттің аэрозоль бөлшегі адамға коронавирус жұқтыруы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап таппаған.
Қазіргі таңда әлем елдері қауіпті індеттен сақтану үшін 1,5-2 метр арақашықтықты сақтайды. Сондай-ақ ғалымдар медицина қызметкерлері аяқ киімінің табаны да коронавирус тасымалдаушысы екенін анықтаған. Сонымен қатар олар COVID-19 вирусы компьютердің тінтуірінде, ауруханадағы қоқыс жәшігінде, төсектің шетінде болатынын анықтапты.