Хабар телеарнасы

Алматыда 90 мың адам жұмысқа шығады

Almaty karantin

Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Сапарбай Тұяқов мәлімдеді. Қызметін қайта жандандыратын салаларға көлік-логистика, ақпараттық-коммуникация, қаржы саласының 50% қызметкерлері, көлік жөндеу, жуу, ауылшаруашылық техникасын сату орындары кіреді. Бұған қоса микроқаржылық ұйымдар мен заңгерлік қызмет көрсету орындары бар. Алайда кәсіпорындар мен сервистер, кәсіпкерлік нысандар арнайы аудит тексерісінен өтуі қажет.

Жалпы қазіргі уақытта жұмыс істеуге өндіріс және кәсіпорындардың 38%, құрылыс нысандарының 66% және офис-кеңселердің 76% дайын. Дегенмен, барлық нысан қатаң санитарлық тазалық нормаларын ұстануы керек. Барлық мекемеде дезинфекциялық заттар мен жеке қорғаныш және тазалық құралдары жеткілікті болуы шарт. Ал кәсіпкерлік саласында ереже бұзу жағдайлары жиілесе, оның одан әрі қызмет істеуіне рұқсат етілмейді. Осы уақытқа дейін 306 кәсіпорын мен кәсіпкерлік нысанға рұқсат берілді.