Хабар телеарнасы

Алматыда ата жолын қуған дәрігерлер әулеті жұмыс істейді

Алматыдағы кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында да ата жолын қуған дәрігерлер әулеті жұмыс істейді... Солардың бірі – рентген хирургі Арыстан Мұратұлы. Арыстанның атасы да дәрігер болған. Ол Қарағанды медициналық университетінде балалар хирургиясы және ортопедия кафедрасына жетекшілік етті. Ал әкесі – кардиохирург. Кезінде Кардиология ғылыми-зерттеу институтындағы интервенциялық аритмология бөлімшесін ашқан. Арыстан болса, әуелі Алматыда, содан соң Литва, Ұлыбритания мен Ресейде білім алды. Новосібірдегі Мешалкин атындағы институтта жүрекке жасалатын күрделі операцияларға қатысқан. Білікті дәрігер аз уақытта 2 мыңнан астам операция жасап, дертіне шипа іздеген жандарға көмектесті.. Кәсіби мереке қарсаңында білікті дәрігерлер марапатталып, құрметке бөленді.

Арыстан Кужукеев, «Кардиология және ішкі аурулар» ҒЗИ рентген хирургі:
-Медицина саласы бұрыннан ұнайды. Менің атам да, әкем де дәрігер болған. Кейбіреулер таңдауға мұрша болмады деп айтып жатады. Ал менің таңдау құқым болды. Мен медицина жайлы өзгелерден емес атам мен әкемнен естіп өстім. Сондықтан дәрігер мамандығына саналы түрде келдім.