Атырауда заңсыз жұмыс істеген сауда орындары анықталды
Бұл жағдай облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сай жүргізілген тексеріс кезінде белгілі болды. Жалпы төтенше жағдай енгізілгелі жедел штаб мүшелері рұқсат етілген мекемелер мен сауда орындарындағы карантиндік ережені қатаң бақылауда ұстап келеді. Олар өткен айда 100-ден астам қызмет көрсету орны мен дүкенді тексерген.
Әли Ағжанов, облыстық жедел штабтың мүшесі:
- Аталған сауда орындарының жұмысы дереу тоқтатылды. Тексеру барысында тағы да басқа 30-дан астам карантиндік ереже талаптарының орындалмау дерегі тіркелді. Атап айтқанда, дүкендерде сатушыларды қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етпеу, тұтынушымен қарым-қатынаста санитарлық норманы сақтамау фактілері бойынша хаттама толтырылды.