Қауын-қарбыздың сапасы жіті қадағалануы тиіс
Бірақ осы ерте шыққан жеміс–жидектің сапасы қандай? Адам ағзасына қауіптілігі жоқ па?
Жетісай ауданын бақташылықтың отаны деуге болады. Олай дейтініміз: жергіліктің жұрттың жартысы қауын-қарбыз егеді. Солардың бірі – Бекжігіт Мүйтенбаев. Биыл ол қарбыздың ерекше түрін өсіріп шығарды.
Бекжігіт Мүйтенбаев, фермер:
- Бұл – «Долби» деген сорт. 65 күнде пісіп шығады. Біз оны 16 наурызда еккенбіз. Екі қабат қылып, доға етіп еккенбіз. Ауа райы биіл сәл қолайсыздау болды. Сонда да 25 мамырға қарай пісіп шықты.
Жетісай ауданындағы жалпы егістік алқабы – 78 мың гектар. Оның 14 мыңы қарбыз бен қауынға тиесілі. Олар жаздың басында жеміс береді. Қазір құлпынай, алмұрт, алмалар пісіп қалды.
Дархан Сраждинов, саудагер:
- Заттарды Шымкенттен, Алматыдан арнайы алғызамыз. Күнделікті таксикологиялық лаборатория павильонның ішінде орналасқан. Күнделікті тексеріп, нитраттары бақыланып отырады.
Нитрат-тест – барлық саудагерге ортақ міндет. Жеміс-жидектер арнайы зертханада күн сайын тексеріледі.
Әлия Жунаит, базардың санитарлық бақылау қызметінің өкілі:
- Бізге дейін ортақ бағамен алғанмен, тексерістен өтеді. Бірақ қосымша ретінде тағы да өзіміз тексеруден өткіземіз. Мысалы, алманың нитраты 60 мл болатын болса, ол 60-тан асып кеткен жағдайда халыққа ескерту айтылады. Егер тағы да сол затты келесі күні алдыратын жағдайда сатылымнан алынады.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары базарда мұқият болуға кеңес береді. Жыл басынан бері Түркістан облысында 43 улану дерегі тіркелген. Оның бір бөлігі жеміс-жидек, көкөністен ұшынған.
Бақытораз Елемесов, облыстық Тауарлар сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Осы көкөніс, жеміс-жидектерді арнайы сауда орындарынан алғанды ұсынамыз. Көшедегеі сауда орындарынан алған уақытта санитарлық жағдайды сақталып сатуын қадағалау керек.
Тұтынушылар талаптардың сақталуына мән бермейді. Сондықтан мамандар жеміс-жидек, көкөністің зертханадан өткен анықтамасын сұрауға кеңес береді.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Рауль Ғабитов, Ерболат Әбішов