Сыр топырағына тропикалық аймақтың қауыны егілді
Тайланттан әкелінген жаңа сұрыптың қанттылығы жоғары және тез піседі. Бар болғаны 60 күнде өнім береді. Бұл су мен тыңайтқышты үнемдеуге қолайлы. Әрі экономикалық жағынан тиімді,-дейді ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Самалбек Қосанов.
Жаңа қауын сорты жылыжайда өсіріліп жатыр. Содан кейін жергілікті қауын тұқымымен будандастырып, жаңа сұрып шығару жоспарланған. Сынақ ойдағыдай өтсе, өзге де дақылдарды жерсіндіру қолға алынбақ.
Самалбек Қосанов, жылыжай шаруашылығының директоры:
- Құрамындағы қанттылығымен бағаланады. Оның құндылығы қанттылығына байланысты. Егер біздің Қызылорда облысының жергілікті қауындардың қанттылығы 18% брикстен аспайтын болса, олардың айтуынша, бұл қауындардың қанттылық мөлшері 20% бриксті көрсетеді деп тұр. Сондықтан ауруға, тасымалдауға төзімді.