Елімізде дәріні заңсыз сатумен айналысқан 46 адам ұсталды
Оның ішінде глюкоза, ферси-нол, аспирин, парацетамол сияқты қазір дәріханаларда жетіспей жатқан дәрі түрлері бар.
Айта кету керек, бұл – полицияның бір тәулікте анықтаған жайттары. Тексеріс барысында дәрі-дәрмектен бөлек, 35 мыңға жуық медициналық маска, комбинезон, қолғап және қызу өлшейтін құрал табылды. Заңсыз алып-сату деректері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және еліміздің он облысында тіркелді.
Мәселен, елорда тұрғыны өз көлігін мобильді дәріханаға айналдырған. Яғни жүк салғышын дәріге толтырып, хабарласқан адамдарға жеткізіп берген. Осылайша 1 млн теңгеден аса пайда табуды көздеген. Ал Атырауда лицензиясы жоқ дәрі-дәрмектер косметикалық клиникада сатылып келіпті. Ол жерде парацетамол бағасы мың теңгені құрайды. Бұған қоса клиника қызметкерлері дәріні сақтау ережелерін өрескел бұзған.