Елімізде күшейтілген карантин ұзартыла ма?
«Бастапқы ұсынысты бергенімізде азаматтардың өтініш-тілектері ескерілген болатын. Яғни режимнің тұрғындарға, бизнес қоғамдастықтарға мейлінше бейімді болуын көздедік. Сөйте тұра індет жұқтырғандар санының тым көбейіп кетпесі үшін шектеу шаралары қарастырылды», – деді Цой.
Министрдің айтуынша, карантиннің ұзартылу-ұзартылмауы осы карантин аяқталған соң шешіледі.
«Жағдайға дұрыс баға беру үшін инкубациялық кезеңнен өтуіміз қажет, бұл 14 күнді құрайды. Қазір аралық нәтижелерді ғана көріп отырмыз. Шынайы тиімділік тек екінші аптаға қарай байқалады. Сол кезде қатаңдату шараларының ұзартылу-ұзартылмауы да анықталады. Мұның бәрін отандық және шетелдік мамандармен бірге бақылап отырмыз», – дегенді алға тартты министр.