Пневмония коронавирус статистикасында есепке алынбайды
Біз қазір халықаралық ұйымдармен, ДДСҰ-мен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі күні ДДСҰ ұсынымына сәйкес, статистикаға ПТР-дің оң нәтижесі бар жағдайлар ғана кіріп отыр.
Сонымен қатар еліміздің ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәл осы мәселеге байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігіне сұраныс жіберді.
Келіссөздер арқылы есепке алынуы тиіс мәліметтерге қатысты ортақ шешімге келеміз. Әрбір елдің статистика мен есепке алуға қатысты өз жолы бар. Біз соны біріздендіріп, барлық елмен қатар жүргіміз келеді.