Қазақстан ДДСҰ ассамблеясының кезекті сессиясына қатысты
Қазақстан Женевада өтіп жатқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 77-сессиясында алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту елдерінің Коалициясын құру туралы мәлімдеме жасады.
Бұл бастаманы былтыр Астанада өткен жаһандық конференцияда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан болатын. Форумда еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұйымға мүше елдерді Қазақстан басшысының бастамасымен құрылған Коалицияға қосылуға шақырды.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Қазақстан – алғашқы медициналық-санитарлық көмектің демонстрациялық алаңы бар санаулы елдердің бірі. Ал Еуропа аймағында осы бағытты дамыту бойынша ДДҰ-ның кеңсесі бар жалғыз ел. Сондықтан біз бұл жұмысты одан әрі жалғастыруымыз керек және бүгінгі күні алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытып жатқан Қазақстанның тәжірибесі көптеген елдердің қызығушылығын тудырып отыр.