Түркістандық тұрғыннан заңсыз сатылмақ болған дәрілердің 12 мың қаптамасы тәркіленді
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыстық Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, рұқсаттық құжаттарсыз дәрілік препараттарды сатумен айналысқан екі дәріхананың заңсыз қызметінің жолы кесілді.
«Түркістан қаласының тұрғыны лицензиясыз Төреқұлов көш. 69 және Қожанов б/н көш. орналасқан «Раяна» және «Гуламова» дәріханаларында дәрі-дәрмектерді сатқандығы анықталды. Тексеріс барысында 714 түрлі дәрілік заттардың 12 341 қаптамасы тәркіленді» делінген ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Барлық жинақталған материал мен тәркіленген дәрілік препараттар Түркістан облысы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментіне айыпты тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.