Алматы облысында 5 тонна спирт тәркіленді
Заңсыз тауар айналымын Алматы облыстық Экономикалық тергеу департаменті өкілдері әшкерледі. Сала мамандарының жедел іздестіру шаралары кезінде Талдықорғанға бет алған «Mersedes» автокөлігі тоқтатылған. Оның ішінде 5 литрлік 1000 құтыға құйылған спирт бар екені анықталды. Сұйықтық өңірдің 1993 жылғы тұрғынына тиесілі болып шықты. Аталған мәселеге қатысты іс қозғалып арнайы сараптама тағайындалды. Спирттік өнім Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасына берілмек.