Хабар телеарнасы

Алматыда пневмониямен ауырғандар саны азайды

Pnevmonia

Сонымен қатар коронавирус инфекциясына арналған стационарларға түскен науқастар да сиреген. Бұл туралы онлайн-брифингте Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыров айтты. Дегенмен, жағдайдың тұрақталғанына қарамастан, мегополисте қосымша орындар дайындау жалғасуда. Осы аптада бірнеше демалыс үйі қайта жабдықталған болатын. Сонымен қатар жақын уақытта 500 орынға арналған Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылады. Нысан коронавируспен емдеудің бірінші деңгейі бойынша жұмыс істейді. Жалпы қалада науқастарға арналған орынды 7700-ге жеткізу жоспарланған.

Камалжан Надыров, қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:

- Бұған дейін науқастардың жағдайына қарай стационарларды бөлу тәртібін жариялаған болатынмын. Ең басты міндет – өлім санын азайту. Бұл үшін реанимотология және анестезиология орталығы жұмыс істейді. Орталықтың тиімділігін байқадық. Өте ауыр және ауыр жағдайдағы науқастардың саны азайды. Атап айтқанда, 100-ден аса адамның жағдайын тұрақтандырып, жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстыруға қол жеткіздік.