Қазақстандық ғалымдар сұйықтық көмегімен ағаш құрамын өзгертетін жаңалық ашты
Бірақ бір ағаштан мүлдем басқа түрін жасауды нағыз ғылым деп мойындау керек. Біздің ғалымдарымыз арнайы сұйықтық көмегімен ағаштың құрамын өзгертетін жаңалық ашты. Ашып қана қойған жоқ, оны өндіріс жолына қойған.
Бұл – пластик жәшіктің беріктігін тексерудің бір түрі. Көлемі, салмағы мен қалыңдығы бірдей болса да, отандық өнім өзгелермен салыстырғанда сынаққа төзімді. Ғалымдар оның құрамын өзгерте отырып, беріктігімен қатар өнімді пайдалану мерзімін де ұзарта алды.
Михаил Наурызбаев, компания директоры:
- Шығыс Қазақстандағы кенорнынан шығатын шунгит дейтін қалдық бар. Алғашында оны су тазалу мақсатында зерттедік. Өнімнің қасиетін кеңінен таныған соң пластик жәшіктер өндірісінде қолдануға болатынын түсіндік. Осы әдіспен былтыр 10, осы жылы 3 млн теңгенің тауарын саттық. Енді терезе мен көлік есіктерінің резеңкесін шығарамыз.
Ойық жарасы, хларотикалық дақ, мозайка. Бұлар алма ағашында болатын ауру атаулары. Отандық ғалымдар оны анықтаудың жоғары сезімтал жүйесін жасады. Оны қолдану ағаштардың ерте қурауы мен өнімділігі азаюының алдын алады.
Диляра Гриценко, өнертапқыш:
- Жуырда шетелден алма көшеттерін алып келді. Зерттеу кезінде оларда үш вирус бар екенін анықтадық. Егер оны бақшаға отырғызса, аурудың белгісі 2-3 жыл бойы сырт көзге білінбейтін еді. Ал ағаш жеміс сала бастаған кезде ауру асқынып, өнімділік 50% дейін төмендейді. Сондай-ақ жанындағы ағаштарға, тіпті көрші бақшаларға ауру жұғады. Себебі вирус жәндіктер арқылы тарайды. Экономикалық шығынның алдын алу дегеніміз – осы.
Маман мына шағын қобдиша туралы айтып тұр. Оны бидай толған қоймаға алып барып, 13 минутқа қоссаңыз, құралдан бөлінген магниттік өріс енді егілгелі жатқан тонналаған тұқымның ішкі қасиеттерін өзгертеді. Одан өнген масақ әдеттегіден 20-40% дейін артық өнім береді екен. Қазақстанның бұл өнертабысы шетелдік институттарда зерттеліп, тиімділігі дәлелденіпті.
Құрманғазы Омаров, ғылым қоры жобалық дирекциясының басшысы:
- Бұл технология өте қарапайым болғандықтан, көптеген фермер сенбей жатыр. Бірақ арасында инновацияға жақын фермерлер де бар. Солардың базасында енгізіп, дәлелдегеннен кейін сол ауданның фермерлері осы технологияға құштарлығын білдіріп жатыр.
Түсірілім барысында қарапайым болса да тиімділігі зор және қолданысқа енген, бірі зертханалық сынақ деңгейінде, ал келесісі тұтынушысын күтіп тұған 150-ге жуық жобамен таныстық. Бәрі дерлік соңғы 2-3 жылда жасалған. Көпке танылып үлгермегені де содан. Мынау емен болғанымен, негізі – терек. Отандық ғалымдар арнайы сұйықтықпен ағаштың да құрамын өзгертуде. Тіпті Қазақстанда күріштің қалдығынан емдік дәрі мен медициналық құралдар жасалуда.
Авторлары: Ердәулет Ыбырайұлы, Айдос Меделбеков