ҚКХП: «Тұрғын үй қатынастары» туралы Заңға өзгеріс енгізу қажет
Сондықтан оны бұл құқығынан айыруға болмайды. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы еліміздегі «Тұрғын үй қатынастары» туралы Заңды жетілдіру керек деп есептейді. Бұл бастаманы «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қоры да қолдап отыр. Олардың пікірінше, мемлекеттің қажеттілігі үшін алынатын жер телімдеріне немесе тұрғын үйлерге нарықтық құны бойынша төлемақы төленуі тиіс. Күн суық кездері адамдарды тұрып жатқан үйінен немесе жерінен мәжбүрлі түрде көшіруді тоқтату қажет. «Осы мақсатта қолданыстағы Жер Кодексі мен «Сот орындаушыларының мәртебесі» туралы Заңына да тиісті түзетулер енгізу қажет», – дейді Қазақстан Коммунистік Халық партиясының өкілдері.
Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Өңірлерді дамытудың бас жоспары туралы ақпарат халыққа қолжетімді болуы тиіс. Әйтпесе әкімдер ойларына келгенде: «Үйлеріңіз сүрілуі керек», – деп тұрғындардан дереу көшулерін талап етеді. Біз Заңға осындай өзгеріс енгізу арқылы бұл сорақылықтардың барлығына тоқтау салмақпыз.