Екі мыңнан аса қазақстандық ел аманатын жеткізді
Халық пен партияның арасын еріктілер жақындатуда. Екі күннен бері олар өңір-өңірді аралап, 14 сұрақтан тұратын сауалнаманы таратып жүр. Осылайша халықтың мұң-мұқтажын тыңдауда. Сауалнамаға қатысқан азаматтарды көбіне тұрғын үй, тұрақты жұмыспен қамту, несие мәселелері толғандырады екен.
Руслан Сейітхан, волонтер:
– Сауалнама халықтың ыңғайына қарай екі түрлі форматта жұмыс жасап жатыр. Екі күн болды біздің жұмыс жасап жатқанымызға. Ең бірінші түрі ол цифрлық формат. Қазір смартфон дамыған заман. Әрқайсысы кез келген жерде отырып, осы сұрақтарға жауап беріп, сауалнамаларды толтыра алады. Сауалнамадағы сұрақтар – халықтың көкейінде жүрген сұрақтар.