Сауалнама: Халықтың 59%-і референдумға қатысуға ниетті
Қазақстандық демократия институты халық арасында сауалнама жүргізіп, көпшіліктің АЭС салу жөніндегі ойын білді. 8 мың адамға сұрақ қойған мамандар олардың 59%-і референдумға қатысуға ниет білдергенін айтады. Тағы 17%-і «баруға тырысамын» деп жауап берген. Ал әр бесінші респондент әлі шешім қабылдамапты. Бір ай бойы жүргізілген сауалнама барысында халықты АЭС құрылысына қатысты не алаңдататыны да сұралған.
Сандуғаш Қасымсейітова, «Демократия институты» ҚБ өкілі:
- Егер пайыздық мөлшерден алсақ, 49,5% қазақстандықтардың «Денсаулыққа әсері қандай?», - деп белгіледі. Одан кейінгі кезекте 42,1% мөлшерде адамдар «қоршаған ортаға әсері», - деп жауап берді және 22,8%-і авариялар немесе төтенше жағдайлардың алдын алу қандай екенін негізгі осы 3 сұрақты белгіледі.