«Ауыл» мен «Бірлік» бірікпейтін болды
Елдің әлеуметтік жағдайын, ауылдық жерлерді, мәдени-рухани құндылықтарды дамытуға бағытталған жоспары бар. Оны жүзеге асыратын нақты қадамдар да жасалып жатыр. Партияның кезектен тыс 5-съезінде осылай айтылды.
Жиында ұйым жарғысына өзгерістер енгізіліп, ұйымдастыру құрылымының жаңарғаны хабарланды. Елордада өткен съезге өзге өңірдегі делегаттар бейнебайланыс арқылы қатысты. Ал партия төрағасы «Ауылмен» бірікпейтіні туралы кесімін айтты.
Серік Сұлтанғали, «Бірлік» партиясының төрағасы:
– Ең негізгі мәселе, мен ойлағам драйвер дейді ғой, ағылшынша айтқанда, локомативіміз бола ма деп ойладым. Бір ауыздан ауылымызға көмектесейік, жұмыссыз жүрген жігіттер бар. Бірақ ондай нәрсені тапқанымыз жоқ. Сондықтан қосылу мәселесінен бас тарттық.