Абай облысында 74 ауыл интернеттің игілігін көрмей отыр
Ақсуат ауданындағы Көктүбек ауылы да байланыс аясынан тыс жерде. Ауыл халқы жылдар бойы мәселені көтергенімен, әлі күнге дейін шешімін таппай келеді.
Көктүбек ауылының халқы соңғы 15 жыл бойы интернет мәселесін көтеріп келеді. Әкімдікке талай барған, бірақ мардымды жауап ала алмапты. Бүгінде елді мекенде 400 астам адам тұрады.
Шешнәби Шегетай, Көктүбек ауылының тұрғыны:
- Мектепті жаңалап берсе. Одан кейін интернет мәселесін қалпына келтіруді. Мына оқушы балалар болсын, ауыл адамдары болсын бірнәрсе хабар алайын десе интернет жоқ. Кейде алады, кейде алмайды.
Ербол Кәрімов, Көктүбек ауылының тұрғыны:
- Олардың бәріне айтқанбыз. Жастар тұрақтамай жатыр, связь жоқ. Тауға шығамыз, шатырға шығамыз. Балалар онлайн оқи алмай қалады. Кей күні ұстап қалады. Дөңге шыққанда бұрыш-бұрышта. Мұғалімдерге де қиын. Қазір енді связьдің заманы ғой. 21-ші ғасырда мынадай артта қалған деген қиындау болып тұр.
Ақсуат ауданында 8 ауылдық округ, 29 елді мекен бар. Үштөбе, Қызыкесік және Кіндікті ауылдарына келесі жылы интернет тарту жоспарланған. Қазір қажетті құжаттар әзірленген. Бюджеттен 600 млн теңге қарастырылып отыр.
Ерсін Ескендіров, Ақсуат ауданы әкімінің міндетін атқарушы:
- Үш ауылға жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Жобалық-сметалық құжаттар қазіргі таңда дайын. Қаржы да қарстырылған. Келесі жылы жұмыстарды қолға алғалы отырмыз.
Абай облысындағы 328 елді мекеннің 74-і интернетсіз отыр. Түйткілді мәселені шешу үшін өңірде жол картасы қабылданған. Оның шеңберінде 2027 жылға дейін аймақтағы ауылдардың 96 пайызын сапалы интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған.
Абзал Серікұлы, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы:
- Министрлікпен бекітілген үлкен проект бар. 2025-27 ші жылдарға арналған. Соның ішінде 171 елді мекенді оптикамен қамтамасыз ету қарастырылған. Көктүбек ауылында қазір мектепте ғана интернет бар. Көрші ауылдан Ақсуат жақтан сигнал алып отыр. Министрліктің кестесіне сай 2025 жоғары жылдамдықпен қамтамасыз ету.
Биыл 23 елді мекенге интернет тартылған. 2027 жылға дейін Абай облысындағы қалған ауылдар ғаламтормен қамтылады.
Рүстем Қайратұлы, Медет Өмірханов