«Абай аманатының» мемуарлық мәні тереңде жатыр
Көзі қарақты оқырман «Мақаланың философиялық мәні өте тереңде жатыр» деп санайды. Өркениет көшінде тек білімге, кемелденуге ұмтылған елдің ғана болашағы жарқын болмақ. «Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев Абай аманат еткен бірлік пен татулықты, тарихи тағылымды қастерлеп, адал еңбек пен ізгі жолды ұстануға шақырады. Яғни хакім Абайдың ыстық қайрат, нұрлы ақыл һәм жылы жүрек идеясымен өмір сүруге үндейді», – дейді қолына қалам ұстаған жазушы қауым.
Смағұл Елубай, жазушы:
- Абай оқу-білімге үлкен назар аударған. Еуропалық білімнен мақұрым қалған халқын қазіргі әлемдік өркениеттен сусындауға шақырған. Мінекей осы тұсын айта отырып, Абай үміт үзбеген дейді. Өз балаларымен қоса, қазақ балаларын оқу білімге шақырған. Сөйтіп жаңаруға, жаңғыруға, өзгеруге, заманға сай сапалы ұлт болуға шақырғанын айтады.
Дәрия Қожамжарова, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры, профессор:
- Қазақ халқының арғы-бергі тарихын зерделей отырып, халқымыздың көксеген арманы елтұтқа болатын мемлекет құру идеясы ХХІ ғасырда хакім Абай іліміменен қаруланған Елбасы саясатының өміршеңдігін айқындады.