Таразда нан бағасы бірден 10 теңгеге қымбаттады
Жергілікті әкімдік өкілдерінің айтуынша, наубайхана қожайындары бағаны заңсыз көтерген. Кәсіпкерлермен бұған дейін нанды қымбаттатпау туралы келісім болған. Алайда қаладағы ірі алты наубайхананың бесеуі нан бағасын бір күнде өсіріп отыр. Кәсіп иелері әлеуметтік нан бағасының өсуіне жұмысшылардың жалақысын арттыру мен ұнның қымбаттауы себеп деген уәж айтады. Олардың пікірінше, шикізат құны жылдағыдан 30% көтерілген. Ал әкімдік өкілдері бағаны өсірмес үшін қордан үш ай бойы арзан ұн бөліп келдік деп отыр.
Берік Нығмашев, облыс әкімінің орынбасары:
- Нан бағасын қайтадан қалпына келтіреміз. Оған қоса бұл мәселеге Салық департаменті, антимонопольный органдар да кірісті. Өйткені заң бойынша бір уақытта барлығы бірге көтеруге болмайды. Баға бидайдың бағасына байланысты. Міндетті түрде шара қолданады. Өткен жылы да тиісті айыппұлдар берілген.