Майқұдықтағы жолды тапсыру мерзімі тағы бір айға шегерілді
Бірақ қуаныш ұзаққа бармады. Айтуларынша ауа райының қолайсыздығынан жұмыс ақсаған. Сондықтан көлік жүргізушілеріне әлі 20 күн күтуге тура келеді. Айта кетейік, Майқұдық ауданын кесіп өтетін күре жолдың әбден тозығы жеткен соң күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Жоба екі жылға жоспарланған. Бірақ биыл алты жолақты жолдың тең жартысы тапсырылуы тиіс еді.
Нұржан Тасмағанбетов, Коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және АЖ бөлімінің сектор меңгерушісі:
- Қазір жол белгілерін орнатып жатырмыз. Егер онсыз ашып жіберетін болсақ, жол апаттары көбеюі мүмкін. Бұл – үлкен жоба. Жол белгілеріне қажетті қаржы енді ғана бөлінді. Қарашаның соңына қарай жолдың бір бөлігін ашамыз деген жоспарымыз бар.