Қызылорда облысында су басу қаупі бар 15 аумақ анықталды
Су басу қаупі жоғары деп танылған 15 учаскенің 8-і қайта бекітіліп, қалған жетеуінде жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады.
Су жырып кетуі ықтимал елді мекеннің 156 мыңға жуық тұрғынын көшіруге арналған эвакуациялық жинақтау мен қабылдау пункттері дайындалды. Алдын алу шараларына мыңнан астам адам мен бірнеше жүз техника жұмылдырылған. Қазір дарияның теңізге құяр сағасында мұз қату процесі жүріп жатыр.
Бағдат Әлиев, облыстық Жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары:
– Абай елді мекені Қазалы ауданындағы жағалауды таспен қалап жатыр. Жосалыда 2 нысан бар 300 метрдей таспен қалау әрі қарай 1,7 шақырым нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Одан бері қарай Тереңөзекте 1,7 шақырым құммен төсеп, бөгетті қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қызылорда қаласында топтық су құбыры қасында 300 метр таспен қалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңақорған ауданында 7-ші нысан аяқталуда.