Түркістан облысының Кентау қаласында жаңа емхана ашылды
- Категория: Қоғам

Медициналық мекеме тәулігіне 500 науқасқа көмек көрсете алады.
Орталық облыстық бюджет есебінен қаржыландырылған. Емханада амбулаторлық, алғашқы медициналық, коронавирус инфекциясы бойынша сүзгі бөлімі және Жедел жәрдем орталығы қызмет көрсетеді. Онда 248 дәрігер мен 906 орта буынды медицина қызметкері жұмыс істейді.