СOVID-19: балалар арасында вирус жұқтыру деректері көбейді
Әрі өзі адам талғамай, жас демей, кәрі демей ілмегіне іліп жатыр. Мысалы, қазір Ертіс өңірінде балалар арасында коронавирустық инфекция жұқтыру көбейді. Бүгінге дейін 200-ге жуық бала дертке шалдыққан.
Ал мамандар: «Балалардың сырқаттануы орташа және жеңіл деңгейде өтеді», – дейді.
Облыстық инфекциялық ауруханасына СOVID-19 диагнозымен түскендердің ең кішісі – бір айлық нәресте болса, ең үлкені – 17 жастағы жасөспірім. Әсел есімді жеткіншек вирусты бес күн бұрын жұқтырған, қазір емделуде.
Әсел Байғанова, дәрігер-инфекционист:
- Облыс бойынша балалар постковидті синдроммен өтті. Яғни постковидті синдром жеңіл түрде немесе симптомсыз түрде өткеннен кейін екі аптадан алты аптаға дейін созылады. Өте ауыр ауру немесе «Кавасаки синдромы» деп те атайды. Көбі қарқынды терапиядан өтті. Бірақ бәрі аман-есен, стационардан шығарылды.
Бұл – облыс орталығындағы ірі емханалардың бірі. 12 мыңнан астам бала тіркелген. Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері балалар арасында ауру жұқтыру деректері көбейе бастады. Осы емханада өткен 12 ай ішінде тексерілген 104 баланың сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Бүгінде барлығы сауықты. Науқастарды дер кезінде анықтау үшін екі мобильді топ жасақталған.
Евгений Кузнецов, балалар бойынша кеңес беру бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы:
- Балада дене қызуының көтерілуі, жөтелу, тұмау белгілері көрініс тапса, әрқайсысын тексереміз. Бұл коронавирустық инфекция болуы мүмкін. Міндетті түрде мобильді топ жіберіліп, сараптама жасаймыз. Оң нәтиже болса, 14 күн карантинде болуы шарт. Олардың барлығы учаскелік дәрігердің күнделікті бақылауында болады.
Сағынбек Аспандияр, балалар педиатры:
- Байланысқандармен бірге санаған кезде 30 – 32 шақырту болады. Соның өзінде қазір балалардың екі мобильді тобы бар. Соның өзінде де жетпей жатыр. Ең кішкентай бала 5-6 айлық болды. Науқасты біз инфекциялық бөлімге жібердік. Өйткені балалар кішкентай, онда дәрігерлердің көмегімен жақсы болады.
Ал 1 қаңтардан бері 30 жеткіншек сырқаттанған. Барлығы амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр. Соңғы тәулікте тағы екі факті анықталды. Мамандар: «Жағдай ушықса, мобильді топтардың санын арттыруға тура келеді», – дейді.
Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов, Марат Игіліков