+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Хабар 24» арнасында «Диагноз» бағдарламасы жарыққа шықты

  • Категория: Қоғам
«Хабар 24» арнасында «Диагноз» бағдарламасы жарыққа шықты

Медицина қарапайым тілмен.

«Хабар 24» арнасында халыққа түрлі дерт жайлы түсінікті тілмен жеткізетін бағдарлама жарыққа шықты.

«Диагноз» деп аталатын жоба денсаулық сақтау саласындағы түрлі проблемалар мен жаңалықтар жайында айтады. Шынымен де дәрігердің жазуын да, сөзін де түсіну қиын деген ұғым қалыптасқан. Медицина тілі өте күрделі. «Диагноз» бағдарламасы бұл тілді қарапайым халыққа түсінікті етуді алға қойған. Жобаның авторы да, жүргізушісі де журналист – Вера Захарчук.

Айта кетейік, медицина жайлы бағдарлама Президенттің «Еститін мемлекет» қағидасын жүзеге асыру міндеті аясында жүзеге асырылуда. «Диагноз» бағдарламасы әр сенбі сайын «Хабар 24» арнасында орыс тілінде 10:15, ал қазақ тілінде сағат 11:15-те көрерменге жол тартады.

Вера Захарчук, «Диагноз» бағдарламасының жүргізушісі:

– Медицина, денсаулық және медицинадағы проблемалар жайлы жоба шығарғым келді. Бұнда түрлі аурулар жайлы көрерменге қарапайым тілмен жеткізіледі. Ол не үшін қажет? Ол ем-дом шараларын қалай және қайда қабылдау қажет, елімізде бұл дертті емдейтін қандай мамандар бар деген сынды кеңестер беру үшін керек. Өйткені біздің қоғамда медицина сапасыз, білікті мамандар тапшы деген стереотип қалыптасқан.

Сондай-ақ...