Биыл баспана бағасы қымбаттайды
Дәлірек айтқанда, бастапқы тұрғын үйлер 3%, ал екінші санаттағы пәтерлердің бағасы бірден 5% өсті.
Азамат Әбілқайыр, тілші:
- 2020 жылғы желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша Қазақстанның тұрғын үй нарығындағы ұсыныстардың орташа бағасы бір жыл ішінде 17.2% өсті. Елордада өсім 3.6%, Алматыда 11.9% құрады. Ең үлкен динамика Петропавлда байқалды, атап айтқанда, бұл қалада 28.7 %, сонымен қатар Павлодар мен Семейде сәйкесінше 26.5 және 25.2% өскен.
Қазақстанда жылдан-жылға баспана сатып алуға сұраныс артпаса, кеміген емес. Бағаның өсуіне пандемия да әсер етті. Себебі құрылыс қарқыны бәсеңдеді. Былтыр 2019 жылмен салыстырғанда шамамен 15% қымбаттады. Ал 2020 жылы қаңтар – қараша аралығындағы тұрғын үйді сатып алу-сатуға қатысты 275 857 мәміле жасалған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 5.6% кем.
Ал сарапшылардың болжамынша, биыл баспана бағасы қымбаттайды. Бірінші жартыжылдықта І, ІІ, ІІІ санаттағы үй бағасы өседі. Десе де «эконом санаттағы пәтер құны былтырға қарағанда айтарлықтай қымбаттамауы мүмкін», – дейді. Себебі эконом санаттағы үйлерге негізінен Қазақстанда өндірілген құрылыс материалдары пайдаланылады.